Ақтөбеде өз-өзіне қол жұмсаған ауыл әкімінің ісі қысқартылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Бестамақ ауылының әкімі ауруханадан шыққан соң жұмысқа қайта қосылды. Кейін денсаулығына байланысты қайта демалысқа шықты.

полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс қылмыстық құрам болмаған соң қысқартылды.

Ал Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиевтің айтуынша, Бестамақ ауылдық округінің әкімі ауруханада ем алып шыққан соң жұмысқа қосылған. Алайда кейін оңалту шараларын қабылдау үшін қайта демалысқа шыққан. 

Еске салсақ, биыл 7 шілде күні Бестамақ ауылдық округінің әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Сол кезде облыстық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсауға оқталу дерегі бойынша сот алды тергеуді бастады. Аудан әкімідігі бәрі де кезекті еңбек демалысына шыққан кезде болғанын хабарлады

Соңғы жаңалықтар