Ақтөбеде перзентханада бала сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде перзентханалардың бірінше бала сату дерегі тіркелген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Ақтөбеде перзентханада бала сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: gov.kz

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

— Ақтөбе облысының полициясы перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайларды және қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Еске салсақ, былтыр Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына, вандализм көрінісіне және бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сол кезде Балаларды, әсіресе, жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне тосқауыл қою үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жаңа баппен толықтырылды.

 

Соңғы жаңалықтар