Ақтөбеде Pfizer вакцинасын сақтауға екі мұздатқыш сатып алынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбебе Pfizer вакцинасын сақтауға резервтік қордан ақша бөлініп, екі мұздатқыш сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Pfizer вакцинасын сақтауға екі мұздатқыш сатып алынды

Ақтөбе облысына әлі күнге дейін Pfizer вакцинасы жеткізілген жоқ. Дегенмен емханалардағы медицина қызметкерлері біліктілігін арттырып, арнайы бөлме әзірленді.
«Тек қана Pfizer вакцинасына арналған екі HAIER DW-86L728ST тоңазытқышы сатып алынды. Резерв қорынан 14 млн теңге бөлігіп, 10-қарашада жеткізілді»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.
Айта кетейік, бұл вакцина -90 -60 градуста сақталады. Ал емханада -2-8 градус температурада 31 күн жарамды болады.
Бұған дейін хабарлағанымаздай, өңірде 70 мыңнан астам бала вакцинациялауға жатады. Ата-ана қарсы немесе қарсы емес екенін қолхат жазып білдіреді.