Ақтөбеде полицей мен тұрғындар арасындағы жанжалдың мән-жайы тексерілуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Орталық базар маңында болған полиция мен тұрғын арасындағы жанжал әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Қазіргі кезде Ақтөбе облыстық ІІД осы оқиғаға қатысты қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде полицей мен тұрғындар арасындағы жанжалдың мән-жайы тексерілуде

Ақтөбе қаласының тұрғыны мен полиция қызметкері арасындағы талас кезінде құқық қорғаушы баллон пайдаланған болатын. «Шығар» деп айқайлаған әйел алдымен есікке жармасып, кейін көліктің алдыңға бөлігіне мініп алды. Сол кезде полиция қызметкері күйеуін көліктен түсірмек болған әйелдің бетіне белгісіз зат шашып жіберді .

Қазір полицейдің осы әрекеті қазір тексеріліп жатыр.

«Жол-патрульдік полициясы Орталық базар маңында белгіленбеген жерден өткен жаяу жүргіншіні тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырған. Сол кезде әкімшілік заңды бұзған жаяу жүргіншінің әйелі қарсылық көрсетті. Кейін полиция қызметкерлері заң бұзған тұрғынды көлікке отырғызды. Бірақ оның әйелі қарсылығын жалғастыра берген. Қазіргі кезде полиция қызметкерлерінің арнайы затты пайдалану дерегіне қатысты қызметтік тексеру басталды»,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.