Ақтөбеде полицей жүргізушіні тоқтату үшін тапаншамен атты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 23 сәуірде Қарғалы ауданында полицияның аға сержанттары Д.Қалымов пен Т.Бекетов «Мазда-323» маркалы көлігін тоқтатты. Кейін белгілі болғандай, көлікті басқарған 23 жастағы Ақтөбе тұрғыны бұрын криминалдық есепте болған.
Ол және бұрын қылмыстық есепте тұрған 27 жастағы жолаушымен бірге көлікте сыра ішкен.
Полицейдің құжат көрсету талабына бағынбаған жүргізуші тәртіп сақшысын қағып кеткен. Полицияның аға сержанты Т. Бекетов көліктің капотына секіріп шығады. Екінші полицей, аға сержант Д.Қалымов «Skoda Rapid» қызметтік көлігімен заң бұзушының соңынан қуған.
Капотта жатқан Бекетов ескерту ретінде аспанған қаруымен оқ атқан. Жүргізуші мұны елемеген. Алайда көлік батпақты суға кіріп кетіп тоқтаған.
Бекетов ашық терезе арқылы көлікке кірмек болған. «Мазда» жолаушысы сыра бөтелкесін сындырып, оның сынығымен полицейдің аяғын жарақаттады. Тәртіп сақшысы «Мазда» жолаушысының аяғына атып, әріптесімен бірге заң бұзушыларды ұстады.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауына, «Мазда» жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ал, екіншісі жарақатымен Ақтөбе ауруханасына жеткізілді. Полицияның аға сержанты Т.Бекетовтің аяғында тілінген жарақаты бойынша ауруханада көмек көрсетілді.
Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша айыптыға 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.