14:36, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Ақтөбеде полиция майоры 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді
АҚТӨБЕ. 11 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Заводской полиция бөлімінде № сотының Сазды полиция бөлімі басшысының орынбасарына қатысты ақша иемденді деген айып бойынша шешімі шықты.

Полиция майоры мемлекеттік қызметте істей тұра, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан 25 азаматты ақшалай сыйақы түрінде марапаттауға бөлінген 362880 теңгені алдау жолымен өзіне иемденіп алған.
ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл келеңсіз жайт өзіндік қауіпсіздік басқармасының күшімен анықталды, ақпан айында ҚР ҚК 177-бабының 3-тармағына сәйкес «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сот шешімі бойынша айыпты кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді. Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Оған қарсы шағымдануға болады.