10:18, 17 Ақпан 2025 | GMT +5
Ақтөбеде полиция жолда тұрып қалған мыңнан астам көлікті алып жүрді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде жеңіл көлік үшін барлық бағытта жол ашылды. Полиция мыңнан астап көлікті алып жүрді.

Ақтөбеде кеше боран болып, республикалық маңызы бар 5 автожол жабылды. Бүгін таңда жеңіл көліктер үшін барлық жол ашылды. Ал Ақтөбе қаласынан БҚО шекарасына дейінгі аралықтағы барлық шектеу алынды.
- Полицейлер автожолдарда жиналған мыңнан астам жеңіл көлікті сүймелдеуді ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары әзірге ауылдан шықпай, ауа райының дұрысталғанын күтуге кеңес береді. Сонымен бірге жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға мұқият болу керек,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Қазақстанның 16 облысында 17 ақпанда дауылды ескерту жарияланды.