Ақтөбеде рейстер кейінге шегерілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде боранға байланысты әуе рейстері кейінге шегерілді. 

әуежай
Фото: Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 10 рейс ұшып-қонуы тиіс болатын. Алайда ауа райына байланысты бәрі уақытша тоқтап тұр.

– Қазіргі кезде 4 рейс тоқтап тұр. Олар: FlyArystan әуе компаниясының Алматы – Ақтөбе – Алматы, Qazaq Air компаниясының Астана – Ақтөбе – Атырау, SCAT компаниясының Астана – Ақтөбе – Астана, Qazaq Air компаниясының Атырау – Ақтобе – Астана рейстері. Тоқтау себебі – метеожағдайға байланысты, - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар