Ақтөбеде сандық эфирлі телевидение іске қосылды

Осылайша, 400 мыңнан астам адамның сандық сапамен абоненттік төлемсіз отандық телеарналарды тамашалауына мүмкіндік жасалды.
«Қазтелерадио» АҚ филиалының коммерциялық директоры Әділхан Жанбосыновтың сөзіне қарағанда, сандық телевидениеге теледидарға арнайы қабылдағыш орнату арқылы қосылуға болады.
Күнделікті қолданып жүрген теледидарларыңызды жаңаға ауыстырудың қажеті жоқ, сандық қабылдағышты қосу үшін теледидардың «шыны қалпақ» тәрізді ажыратқышы болса болғаны.
Қазір ақтөбеліктер 11 арнаның орнына 24 арнаны көре алады, әрі қарай да оның санын көбейту жоспарлануда. 2015-2016 жылдары облыстың басқа да елді мекендерінде сандық хабар тарату қосылмақ.
Баламалы хабар тарату желісі сандық хабар тарату желісімен бірге 2015-2016 жылдарға дейін жалғасады.
Осылайша, ұлттық жер серіктік және сандық эфирлі хабар тарату желілері бүкіл Қазақстан халқына қазақстандық арналарды тегін көруге баламалы мүмкіндік береді.