Ақтөбеде шекараны заңсыз кесіп өткені үшін ресейлік азамат ұсталды

РФ Соль-Илецк ауданының жас тұрғыны шекарадан 2011 жылдың тамызында өткен. Осы уақыт бойы ол заңсыз Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлерде тұрған. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 330 бабы «Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту» бойынша қылмыстық істі қозғау мәселесі қарастырылып отыр.
Жалпы алғанда, «Мигрант» операциясының бірінші күнінде әкімшілік жазаға 147 шетелдік азамат тартылды, олардың 12-сі - алыс шетел азаматтары. 56 шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ тұлғаларды анықтау үшін Ақтөбе қаласының ІІБ уақытша үлестіру мекемесіне 10 адам жеткізілді.
Жасырын адамдарды анықтау үшін көші-қоң және жол полициясы қызметкерлерінен, сондай-ақ учаскелік инспекторлардан тұратын арнайы оңтайлы топтар құрылды. «Мигрант» республикалық операциясы 28 қарашадан 3 желтоқсанға дейін жалғасады.