16:49, 18 Наурыз 2014 | GMT +5
Ақтөбеде шекарашыны пара беруге азғырды деп айыптауда
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы депертаменті ҚР ҰҚК шекара қызметінің №2030 әскери бөліміндегі кадрлар бөлімінің офицері Мұрат Айтбековтың үстінен қылмыстық іс қозғады.
Қаржы полициясында өткен брифингте хабарлағандай, М.Айтбековке алаяқтық пен лауазымды тұлғаға пара беруге азғырды деген айып тағылуда.
2014 жылы қаңтар айында ол Ақтөбе тұрғынын №2030 әскери бөліміне жұмысқа орналастырамын деп лауазымды тұлғаға пара беруге азғыру арқылы 125 мың теңгені қалтасына басқан.
Айыпкерге қатысты үйқамақ жазасы тағайындалды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.