Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен. Қазір күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
None
Видеодан алынған кадр: t.me/POLICE_of_KZ

15 шілдеде бейтаныс адамдар кілт таңдау арқылы Ақтөбе қаласында пәтерге заңсыз кіріп, сейфтен ірі көлемдегі ақшаны жасырын ұрлаған. Ұрлық салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге көлемінде мүліктік шығын келген. Полиция қызметкерлері 38 жастағы шетелдік азаматты ізін суытпай ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды. Сонымен қатар жасалған қылмыстан кейін оңтүстік өңірдегі шекара арқылы бой тасалағысы келген 34 жастағы шетелдік азаматты Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді.

Одан да ірі көлемдегі қаражат алынды. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар