23:47, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Ақтөбеде сотталғандар шетелдерге барып демалып қайтқан
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында бас бостандығынан айырылғандардың заңсыз ел аумағынан тысқары жерлерге сапарға шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Тексеру барысында сотталған 10 адамның Қазақстан аумағынан еркін шығып, жақын шетелдерге демалуға және жеке істерімен барғаны анықталды.
Аталған заңбұзушылықтардың анықталуы нәтижесінде облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бас бостандығынан айырылғандарға да тәртіптік айып тағылды.