Ақтөбеде спорт мектебіндегі тәрбиеленуші өлімінен соң бірнеше басшыға қатаң сөгіс берілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Есет батыр атындағы олимпиада резерві облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8 сынып оқушысының өлімінен соң бірнеше басшы қатаң сөгіс алып, жаттықтырушылар жұмыстан кетті.

документы
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ақтөбе қаласында орналасқан Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі қайғылы оқиғадан соң облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына, мектеп директорына, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді. 

— Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз еркімен жұмыстан кетті. Сонымен бірге еркін күрестің 4 жаттықтырушысы 1 маусымнан бастап өз еркімен жұмыстан шығып жатыр, - деді Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров. 

Еске салсақ, биыл 11 сәуір күні сағат 21:30–да мектеп-интернат-колледжінің 8 сынып оқушысы көз жұмды. Полиция Қылмыстық кодекстің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іс қозғады. Кейін осы оқу орнының 2 тәрбиеленушнісі қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық», «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша тергеу басталды.

Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар