Ақтөбеде стоматология әкімшісін кепілге алған Абылай Тілеуовпен арадағы келіссөз ғаламторға жарияланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 24 жастағы жігіттің стоматология әкімшісін кепілге алған сәті ғаламторға шығып кетті. Бейнеайғақта ер адам стоматология ішіндегі қыздың тамағына үшкір зат кезеніп тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде 14 наурыз күні 24 жастағы Абылай Тілеуов «Жемчуг+» стоматологиялық клиникасына барып, сол жерде жұмыс істейтін әйелін таппаған соң, қызметкерді кепілген алған болатын. Облыстық ішкі істер департаменті мен прокуратура 5 сағат бойы келіссөз жүргізді. Оқиға орнына қылмыскердің ата-анасы, туыстары шақырылып, тілдесу кезінде бір тоқтамға келу мүмкін болмаған. Ешкім А.Тілеуовті райынан қайтара алмады. Ал бүгін ғаламторға сол күнгі оқиғаның бір көрінісі шығып кетті. Бейнеайғақта ер адам стоматология кабинетіндегі бір бөлменің бұрышында тұр. Ол кепілге алған қыздың тамағына үшкір, өткір зат кезеніп тұр. Қазіргі уақытта облыстық ішкі істер департаменті бейнеайғақтың қалай ғаламторға шығып кеткенін анықтап жатыр.

Бұған дейін Ақтөбеде ер адам стоматология әкімшісін кепілге алып, әйелін жеткізуді талап еткені туралы хабарлаған болатынбыз . 

Еске салсақ, Абылай Тілеуов әйелін өлтіру мақсатында оны алдымен ата-анасының үйінен іздеп, сол жерде қайын енесін жаралаған. Кейін стоматологиялық клиникаға барып, сол жерде әкімшіні кепілге алды. Полиция мен прокурорлар кепілге алынған адамның өмірін құтқару мақсатында арнайы операция жүргізді. 24 жастағы жігітті тоқтату үшін табельді қару қолданылып, ол сол жерде қаза болды.  

Видео  diapazon.kz сайтынан алынды:

Соңғы жаңалықтар