Ақтөбеде студенттен ақша бопсалаған жасөспірім ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің орталық көшесінде белгісіз біреу жасөспірімнің 7 мың теңге ақшасын алып кеткен. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде студенттен ақша бопсалаған жасөспірім ұсталды

«Қобланды батыр атындағы орталық стадионның жанында белгісіз біреу колледж студентін бопсалаған. Ұрған, жарақаттаған. Оның 7 мың теңгесін алып кеткен. Нақтырақ айтқанда, жәбірленуші ақшаны екінші деңгейдегі банктердің бірінің онлайн қосымшасы арқылы аударған. Ал 7 қыркүйек күні жәбірленушінің әкесі полицияға жүгінді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 16 жастағы күдікті анықталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленуші мен күдікті кәмелет жасқа толмаған, екеуі де ата-аналарына берілді.