Ақтөбеде студенттер бір-бірімен атысты
Ақтөбедегі атыс кезінде екі студент жараланды. Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 14 наурыз кезінде оқ және пышақ жарақатымен түскен екі студентке ота жасады.
«Екі студент те аман-есен. Екеуінің де аяғы жараланған. Бірі пышақтан, екіншісі оқтан зақым алған. Оқ жанай өткен. Еті мен тамыры тігілді. Жағдайлары орташа ауыр. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Арыстан Рахымжан.
Айта кетейік, қазір осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды.
«102» нөміріне Әлия Молдағұлова ескерткішінің маңында атыстың естілгені туралы хабарлама түсті. Жедел-жәрдем ауруханасы 1998 жылы туған С.Бәйішев атындағы университеттің студенті, 1998 жылы туған Қ.Жұбанов атындағы униветситет және 1998 жылы туған Байланыс колледжінің студенттері әртүрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен келіп түскенін хабарлады. Жедел шаралар нәтижесінде 1996 және1997 жылы туған екі азамат ұсталды. Және осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тағы үш азаматқа қатысты іздеу шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.