Ақтөбеде студенттік құрылыс жасақтарының еңбек маусымы басталды

Осы мерекенің құрметіне және«Көркейе бер, туған жер!» акциясының аясында Ақтөбеде «Ел Рәміздерінің 20-жылдығына - 20 елді мекенді жаңғырту» атты шеру-эстафетасы өтті.
Сонымен қатар «Жасыл ел» жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарының еңбек маусымы басталды.
Тұңғыш Президенттің атындағы паркте басталған шеру-эстафетаны Алға ауданының жастары жалғастырды. Осы мереке үшін арнайы тігілген ені 10 және ұзындығы 20 метр болатын Мемлекеттік Ту эстафета бойынша 12 облыс ауданына тапсырылды.
Шеру-эстафетамен қатар «Жасыл ел» жасақтары мен студенттік құрылыс жасақтарының еңбек маусымы басталды. Ақтөбелік студенттер жасақтарының, «Жасыл ел» жасақтарының саны мен олармен атқарылған жұмыстың көлемі жыл сайын артуда. 2005 жылдың еңбек маусымында небәрі 600 ерікті жұмыс істесе, биыл олардың саны 5000 адамға дейін артты.