Ақтөбеде су бөгетінен екі адамның денесі табылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Олардың бірі 60, екіншісі 35 жаста. Екеуін де жедел құтқару жасағы судан алып шықты.

Суға кетті
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Оқиға Мұғалжар ауданы Қырғыз стансасында болды. Сондағы «Алталы» су бөгетінен екі адамның денесі табылды.

- ТЖД-нің жедел құтқару жасағы 1960 және 1995 жылы туған ер адамдардың денесін 4 метр тереңдіктен алып шықты. Олар белгісіз жағдайда қайтыс болған, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, денесінде жарақат жоқ, дегенмен тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Ақтөбеде 23 жағажай ғана суға түсу маусымына дайындалып, жұмысын бастап кетті. Бұл – ұсыныстың үштен бірі ғана.

Темір ауданы Шұбарқұдық ауылы маңында өзенге қой суаруға барған жасөспірім суға батып кетті. 

Соңғы жаңалықтар