Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласы бойынша екі қар полигоны жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 200 мың текше метрден астам қар жиналып, шығарылды. Қазір жеке тұрғын үй секторларындағы қар күреліп, тасымалданып жатыр.
«Су тасқынына қарсы штаб жұмысқа кірісті. Байланыс телефондары: 57-17-22, 57-17-99. Бір ескере кетерлік жайт, су тасқынына қарсы комиссия тексеріп, шешім шығарған соң ғана су сору, құм төсеу жұмысы жүргізіледі», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бүгін бұрқасын салдарынан Покровка-Ембі, Сазды-Шұбарқұдық, Ембі-Шалқар бағытындағы жолдар жабылды. Желдің жылдамдығы 23 м/сек жетті.