Ақтөбеде «суға кетеміз» деген әйелдер тас жолды жауып тастады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында «Ромашка» саяжайының тұрғындары үйлерін тасқын судан қорғау үшін амалсыз тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «суға кетеміз» деген әйелдер тас жолды жауып тастады

Ақтөбе қаласында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ төтенше жағдайлар қызметінің жедел штабы барлық шақыруға бірден барып үлгермей жатыр. Қазіргі уақытта қала маңындағы «Ромашка» саяжайының тұрғындары «Ақтөбе-Богословка» тасжол бойына шығып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.

«Біз бүгін күндіз сағат 14:00-ден бастап жедел штабқа қоңырау шала бастадық. Бірақ бірде-бір адам келіп, көмек бермеді. Қазір жолда жүрміз. Бізді көріп, полиция қызметкерлері келді. «Жауапқа тартыласыңдар, істерің заңсыз» деп қорқыта бастағасын, көліктерді жібердік. Таңғы сағат 4:00-де жаттық. Бүгін жұмыстан соң үйіме бара алмадым»,- деді саяжай тұрғыны Айнұр Нұржанова.

Аталған саяжай тұрғындарының айтуынша, еріген қар суы өткен жылы жолдың дұрыс салынбауынан бағыты өзгерген. 

Богословка тас жолының жанындағы дачалардағы үйлер суға кетіп жатыр тұрғындары көмек сұрағанымен ешкім келмеген наразылық ретінде адамдар трассаны жауып тастаган

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) 29 Мар 2018 в 8:47 PDT

«Саяжайда тұрғаныма бес жыл болды. Өткен жылы су көп жиналғанда да бізге қауіп төнбеді. Ал биыл қар аз болса да, біз қызыл су астында қалдық. Жазда аталған жол салынған кезде су жүруге ыңғайлы, тәртіппен салуды ұсынған едік. Бірақ қала әкімі Ілияс Испановтың атына жазған хатымыз жауапсыз қалды. Саяжай базарға жақын орналасқан, сол жерге жиналған қар суының бәрі біз жаққа ағып келуде»,- деді  А.Нұржанова.

Айта кетейік, қазір тұрғындар жауапты қызметкерлерді күтіп тұр.