Ақтөбеде суға кеткендер саны азайды

Оның айтуына қарағанда, облыстағы суға түсу маусымы ресми түрде 1 қыркүйектен бастап жабылды. Бұған қарамастан, төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп рейдтік ісшаралар жүргізуді жалғастыруда.
«2017 жылы өңірде ерікті құтқарушылар кезекшілік ететін коммуналдық жағажайлар ашылды. Су астын тексеріп, су балдырларынан тазарта отырып, қауіпсіз аймақтарды анықтау, және оны ересектер мен балалар учаскілеріне бөлу туралы шараларқабылданды. Бұл суда өлім-жітім жағдайын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді», - деді Қайрат Қасым.
Жалпы алғанда, шомылу маусымы кезінде облыс аумағында 56 жағажай жұмыс істеді, оның ішінде 12 коммерциялық, 44 коммуналдық. Құтқару бекеттерінің жауапкершілігіне берілген аймақтарда барлықсанаттағы халық үшін кіру тегін болған 2 ведомстволық жағажай жұмыс жасады.
«Биыл облысымызда 15 адамның өліміне алып келген, 15 қайғылы жағдай тіркелсе, оныңішінде 4 бала қаза тапты. Ақтөбе қаласында - 7 оқиға, Ырғызда - 3, Темірде - 2, Қарғалы, Мұғалжар және Ойыл аудандарында 1 оқиғадан орын алды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 31,8% төмендегені байқалады. Адам өлімі тек рұқсат етілмеген жерлерде ғана емес, сондай ақ өздерінің объектілік құтқарушылары бар жеке жағажайларда да орыналды. Бұл жерде орын алған оқиғаларға жалдамалы құтқарушылармен қатар қазатапқандардың да кінәсі бар. Құтқарушылар өз қызметін жеткілікті дәрежедеорындамаған және өздерінің талаптарын тиісті дәрежеде жеткізе алмаған, алдемалушылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған», - деп атап өтті ТЖД басшысыныңорынбасары.
Профилактикалық іс-шаралар барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 12 жеке жағажайдың әкімшілік иелері мен демалушылары да жауапкершілікке тартылды.