Ақтөбеде табиғаты ерекше аумақтан мұнай іздеу жұмысы тоқтатылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өзен бойы мен Барқын құмы аймағынан мұнай іздеу-барлау жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таяуда Ақтөбенің шалғай ауылынан мұнай қорын іздеу ісі басталып кеткен еді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жергілікті тұрғындар құм үстіндегі орман жойылып, жерасты тұщы суы ластануы мүмкін деп дабыл қақты.

Бүгін әкімдік бұл аймақта барлау жұмысы тоқтатылғанын мәлімдеді.

«ФИРМА АДА» ЖШС өзен бойындағы іздеу-барлау жұмыстарын тоқтатты. Мұнай қорын басқа аймақтан іздейді және барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қоршаған ортаға және ауыз су қорына зиян келтірмейтін жаңа технологиялар қолданылады», - деді Ойыл ауданыны әкімдігі.

Сонымен қатар, хабарламада барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізу заңдылығын түсіндіру бойынша топ құрылып, халықтың әр тобымен кездесу ұйымдастырылғаны жазылған. Алдағы уақытта қоғамдық бақылау тобы құрылып, экологтармен бірге қадағалау жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар
telegram