Ақтөбеде таңертең және кешке қатынайтын қоғамдық көлік саны артады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында карантин шектеуіне байланысты таңертең және кешке автобус саны артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе қаласында 11 мониторинг топ бар. Олардың құрамына мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері енді. Жыл басынан бері қалада 300-ден астам тексеру жүргізілді. Барлығы 140 бұзушылық анықталды.

«Жиналған материал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Барлығы 60-тан астам субьектке 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Қоғамдық көлік мәселесі жиі қозғалады. Жұмысқа барып, келетін уақытта маршрут санын көбейту бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Осы арқылы автобуста карантин режимін сақтауға күш саламыз. Жолаушылар маска тақпайды. Бұл дерек бойынша түсіндіру жұмысын жүргіземіз. Жүргізушіге қосышма маска беруді, жолаушыда жоқ болса, таратуды ұсынып отырмыз», - деді қала әкімінің орынбасары Сергей Ли.

Мобильді топқа полиция қызметкерлері көмек көрсетеді. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

«Кәсіп иелері, мейрамхана әкімшілері мобильді топ мүшелеріне, тіпті полиция қызметкерлеріне бағынбай, қарсылық көрсетеді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес олар жазаланып жатыр. Айыппұл төлеп, қамалғандар да болды», - деді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар