Ақтөбеде «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы - 20 жұлдызды күн» акциясының ашылу рәсімі өтті

Шараға қаланың қоғамдық жұртшылық өкілдері, еңбек ұжымдары, соғыс және тыл ардагерлері шақырылды.
Мереке «Мен қазақпын» атты театр әртістері дайындаған театрландырылған қойылыммен басталды. Одан кейін көрермендер әуе қорғаныс күштері әскери институты курсанттарының қатысуымен хореографиялық композицияны, «Әлия гүлі» халықтық би-ансамблінің өнерін тамашалады. Бұл шаралар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылап отыр.
Мерекелік шараның басталуымен ақтөбеліктерді қала әкімі Нұрмұхамат Әбдібеков құттықтады. Ол өз сөзінде еліміздің 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін атап өтіп, көптеген реформалардың тиімділігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында болып отырғанын тілге тиек етті.
- Тәуелсіздік күні - бұл ерекше мереке. Кез келген мемлекет тәуелсіз ел болуды қалайды, біздің де ата-бабаларымыз осыны армандады, - деді ол.
Бұдан кейін көпшіліктің назарына тәуелсіздік жайлы көркем фильм ұсынылды, қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.