Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланған аумақта балабақша жұмыс істемейді

балабақшада
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласы, Темір, Қобда, Мұғалжар аудандарында 29-наурыз күні балабақша жұмыс істемейді.

Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның хабарлауынша, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялануына байланысты 29-наурызда балабақшалар жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл бір күнге ғана арналған шешім. 

Айта кетейік, қазіргі кезде Ақтөбеде Елек пен Қарғалы өзендерінің бойын жағалай қоныстанған бау-бақша ұжымдарындағы адамдарға эвакуация жасалды. Онда төтенше жағдайлар қызметі, полиция мен әскерилер, жергілікті атқарушы орган өкілдері жүр.

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, “Ақтөбе” су қоймасы толып, шлюзді ашу шешімі қабылданған соң адамдар көшірілді. 

Айта кетейік, эвакуциялау жұмыстарына 547 адам, 80 техника жұмылдырылды. Ақтөбе қаласы әкімдігінің хабарлауынша, сағат 03:00-дегі мәлімет бойынша 35 эвакуциялық пунктте мыңнан астам адам бар. Олардың тең жартысына жуығы бала. 

Соңғы жаңалықтар