Ақтөбеде төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып Марғұлан Аманбаев тағайындалды. Төтенше жағдайлар комитетінің бірінші орынбасары Марат Көлдіков Ақтөбе облысы горнизонының жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды.

Айта кетейік, Марғұлан Аманбаев 1973 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Дружба елді мекенінде дүниеге келген. 1995 жылы Жезқазған тау-техникалық институтын, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» және «Өрт қауіпсіздігі» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Өртке қарсы қызмет органдарында 2000 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етуде. 2012 - 2015 жылдар аралығында Астана қаласы ТЖД, Алматы ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2015 - 2016 жылдары Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы болды. 2016 - 2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған. Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жұмыстағы жетістіктері мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің құрмет грамотасымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар