Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметіне 35 техника берілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін 35 жаңа арнайы техника берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі жаңарды. Департаментке КамАЗ маркалы 22 өрт сөндіру автоцистернасы, құтқару жұмыстарын жүргізуге, өрт немесе апат орындарын жарықтандыруға, үйінділерді бөлшектеуге, краноманипуляторлық қондырғының көмегімен жүктерді көтеруге, суды сорып алуға арналған АСА-20 маркалы бір автомобиль тапсыырылды.

«Биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін биіктігі 63 метрді құрайтын АКП-63 автомобилі, жедел топтың кезекші тобын оқиға орнына жеткізуге арналған 4 JAC автомобилі, өтімділігі жоғары «Урал-4320» маркалы 2 вахталық автомобильі берілді. Сондай-ақ 4 жол талғамайтын көлік ТРЭКОЛ (вездеход-болотоход) және бір кран сатып алынды. Бұл техникалар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен алынып отыр», - деді облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Айта кетейік, төтенше жағдайлардың алдын алу, жою тапсырмаларын жоғары деңгейде орындағаны үшін 3 қызметкер «Халық алғысы» медалімен және бірқатар қызметкер облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Биыл 11 айда 3500-ден астам шықыруға барған қызметкерлер 451 адамды аман алып қалды. Ал мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілсе, 200-ден астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар