Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметкерлері шұңқырға түскен баланы алып шықты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 10 жастағы бала шұңқырға түсіп кетіп, құтқарушылар оны аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне 10 жастағы баланың ойнап жүріп, шұңқырға түсіп кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.
«Шұңқырды кеңейтуге мүмкіндік болмаған соң құтқарушылар арқан мен белдік пайдаланды. Баланы аман-есен алып шықты. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмекті қажет етпеді. Кейін үйіне жіберілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар