Ақтөбеде той жасаған мейрамхана иесіне айыппұл салынды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төтенше жағдай режимін сақтамай, салтанатты шара өткізген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция 21 наурыз күні мейрамханада салтанатты шара өткізгендерді анықтады.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді. Төтенше жағдай режимі енгізілген күннен бері өңірде 15 дерек тіркелді. Бәрі де көңіл көтеру және компьютерлік клуб. Олар жауапкершілікке тартылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.