Ақтөбеде триатлон паркі ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент атындағы саябақта триатлон паркі ашылды. Мұнда жаяу жүргіншілер мен велосипед айдайтындарға жолақ салынған. Жүгіруге де болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағы аумағында қала тұрғындары мен қонақтарының спортпен айналысуына және демалуына қолайлы жағдай жасалған триатлон паркі ашылды.

Триатлон паркінде ұзындығы 2,4 шақырым болады. Мұнда велосипедпен жүретін және жүгіретін жол, спорт ғимараты бар. Онда триатлон, велосипед спорты мен жеңіл атлетика секциялары кіріктірілген үш зал орналасқан.

Сонымен қатар ғимаратта спорт бары болады. Велосипед жөндейтін сервис орналасады. Велосипед, шаңғы, конькиді жалға алуға болады.

Парктің ашылуы аясында «Экиден» жеңіл атлетика жарысы өтіп, оған Орал, Атырау, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қаласынан келген отыз команда атсалысты. Парктің ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, меценат әрі Берік Қаниев және ҚР Триатлон федерациясының президенті Алдияр Қазтаев қатысты.

«Бүгін біздің ел Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Осындай мәртебелі мереке күні Ақтөбе жерінде өткізіліп жатқан ерекше шараның бірі Ақтөбе қаласындағы триатлон паркінің ашылу салтанаты. Осы тектес триатлон паркі елімізде санаулы ғана ірі қалаларда қолданыста. Жалпы облыс көлеміндегі барлық аймақда бірқатар спорттық кешен бой көтерді. Шалғай ауылдарда да қазіргі уақытта спорттың кез келген түрімен айналысуға толықтай мүмкіндік бар. Егер өткен жылы облыста 60 жаңа нысан пайдалануға берілсе, биылғы жылы 90-ға жуық спорт нысандарын қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз»,- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Триатлон паркі қала мен облыстың белсенді тұрғындарын спортпен және дене шынықтырумен айналысуға тартатын жаңа орынға айналады. Паркке барлық келуші тегін кіре алады.


Соңғы жаңалықтар