Ақтөбеде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жауапты басқарма басшысы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы қызметіне Арысұлан Айтбаев тағайындалды. Ол бұған дейін коммуналдық мекемеде жұмыс істеген. 

арысұлан айтбаев
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған Арысұлан Айтбаев Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келген.

Жоғары білімді маман 2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2009 жылы «БогомоловПректГрупп» ЖШС-нің жобалаушы инженері болып бастаған.

Құрылыс, соның ішінде инженерлік желілер құрылысымен айналысатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінде түрлі лауазымда жұмыс істеген. 

2023 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін «Aqtobe su-energy group» АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарып келді. 

Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да тағайындалды.