Ақтөбеде тұрғындарды алдап, 100 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

деньги, ақша, тенге, банк
Фото: pexels

Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Айта кетелік елордада есірткі қылмысына қатысы бар екі адам қамауға алынған еді

Соңғы жаңалықтар