Ақтөбеде тұрғындарды «Финанс» және «Fenix-24.net» депозиттеріне ақша салуға тартқан әйел ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Финанс» және «Fenix-24.net» депозиттеріне ақша салып, табыс табуға көндірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде тұрғындарды «Финанс» және «Fenix-24.net» депозиттеріне ақша салуға тартқан әйел ұсталды

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 жастағы әйелді ұстады. 2020 жылдың тамыз айынан бастап оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, іздеуде жүрген.

«Іздеудегі күдікті 2019 жылы мол ақшаға кенелу мақсатында интернет-сайттарды пайдаланып, азаматтарды «Финанс» және «Fenix-24.net» депозиттеріне ақша салуға тартқан. Оларға ақшаларын 40% үстемемен қайтарып беруге уәде еткен. Ұсталған әйел Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.