Ақтөбеде түрлі деңгейдегі мәслихаттарға кандидат ұсыну мерзімі аяқталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазір мәслихат депутаттығына үміткерлерді тіркеу жалғасып жатыр. Барлығы 37 кандидаттың 23-і өзін-өзі ұсынған.

жиналыс
Фото: Kazinform

Ақтөбе облысында шығып қалған депутаттардың орнына кандидаттарды ұсыну аяқталып, қазір тіркеу жүріп жатыр. Барлығы 37 кандидат ұсынылды. Оның 14-ін саяси партиялар тізімге енгізсе, 23-і өзін-өзі ұсынды. Ұсынылған кандидаттар 29-ы ер адам және 8-і әйел. Орташа жасы — 38 жас. 

— 28 кандидаттың жоғары білімі, ал 9 кандидаттың орта кәсіптік білімі бар. Кандидаттардың 18-і мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, 14-і коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біреуі саяси партия қызметкері, біреуі жұмыссыз, біреуі зейнеткер, екеуі жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері. 6 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы.

Айта кетейік, Ақтөбеде түрлі деңгейдегі мәслихаттардың 10 депутаты сайланады. Ақтөбе қалалық мәслихатының екі депутаты және 6 ауданда 8 депутаттың орны бар. 

Соңғы жаңалықтар