Ақтөбеде түрме аумағынан өрт шықты

 Ақтөбедегі №8 түзету мекемесінде жертөледегі қоқыс жанды, деп хабарлайды Kazinform.

өрт
Фото: Pixabay

Ақтөбе облыстық ТЖД шақырту бөліміне сағат 18:37–де хабар түскен. 

Онда Ақтөбе қаласы Астана ауданы Чекалин көшесіндегі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің № 8 түзету мекемесі аумағында қоқыс жанғаны туралы айтылған.

— Бұл — бөлек тұрған ғимараттың жертөлесі. Қолданыста жоқ нысан. Өрт сөндірушілер өртті сағат 19:23-те сөндірді. Жанған аумақ — 50 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ, — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің неліктен бір сағат бойы сөндірілгені айтылмады.

Оқиға орнына 38 адам 7 техника жіберілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТОБЕ СЕРГЕК | AQTOBE SERGEK (@aqtobe_sergek)

Соңғы жаңалықтар