Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі сотталғандар коронавирусқа қарсы екпе алды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде сотталғандар да екпе қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спутник V екпесін егу шарасын бастамас бұрын, ҚАЖ департаментінің қызметкерлері сотталғандарға коронавирус инфекциясына қарсы екпе алудың маңызын түсіндірді.
КА-168/1, КА-168/2 және КА-168/3 мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында екпе алуға ниет білдіргендері ең алдымен дәрігерлердің толық тексеруінен өтіп, екпе қабылдағаннан кейін де 30 минут дәрігерлердің бақылауында болды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медицина қызметінің бастығы Шынболат Даулбаевтың айтуынша, медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ сотталғандар өз еркімен екпе салдыруды әлі де жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов та Спутник-V вакцинасын қабылдады.

