Ақтөбеде учаскелік инспектор өзенге секірген жасөспірімді құтқарды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – 3 маусымда полицияға Сазды өзеніндегі көпірдің астында жасөспірім қыздың отырғандығы туралы хабарланды. Ол жерге дереу учаскелік полиция инспекторы Фархат Нұрманов жіберілді.

жасөспірім
Фото: видеодан кадр

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкері өзенге киімімен секірген баланы көріп, көмекке жүгірді. Учаскелік полицей 13 жастағы қызды өзеннен құтқарып алды. Жәрдемге жеткен әріптестері оны жағаға шығарысты.

«Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Психологтар мен полицейлер жасалған әрекеттің себебін анықтап жатыр. Тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар