Ақтөбеде үш облыстың сайлау ұйымдастырушыларына арналған семинар өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында сайлауды ұйымдастырушыларға арналған семинар өтті. Оған саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ҚР Президенттігіне үміткерлердің сенімді тұлғалары шақырылды.
None
None

Семинарға ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының сайлауды бақылау бойынша көпмерзімдік байқаушылары Роберт Брандстеттер мен Елена Лаатко қатысты. «Сайлауды сәтті өткізу үшін сайлау комиссиясы мүшелерінің біліктілігі маңызды. Сондықтан олардың дайындығына көп көңіл бөлеміз», - деп атап өтті Ләззат Сүлеймен. Семинарда сайлау үрдісін құқықтық және құжаттамалық қамту, сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс ұйымдастыру, сайлау туралы ақпараттандыру, сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және дауыс беру күніне дайындалу мәселелері қызықтырды. Өзара пікір алмасу кезінде сайлау үрдісін ұйымдастыру бойынша бірқатар ұсыныстар білдірілді. Ләззат Сүлеймен құқықты қолдану тәжірибесін және сайлау учаскелерінде дауыс беруді ұйымдастыру мәселелерін түсіндіруге, дауыс беретін күні учаскелік сайлау комиссиясының жұмысының ұйымдастырылуына кеңінен тоқталды.

Соңғы жаңалықтар