Ақтөбеде үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Терезеден құлап кеткен бала қазір ауруханада жатыр. Ата-анасы жауапқа тартылады.

терезедан құлады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға 5 мамыр күні болды. Үш жасар бала дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.

— Бала жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анасы жауапқа тартылады. Полиция департаменті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады. Терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнатып, балаларды қараусыз қалдырмау керек, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыр.

— Жедел жәрдем бригадасы баланы 5 маусым күні сағат 18:53–те әкелді. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Оны травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог қарады. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Барлық ем жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, — деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.

Еске салсақ, сәуір айында Ішкі істер министрлігі ата-аналарға балалар қауіпсіздігіне қатысты үндеу жасады

Соңғы жаңалықтар