18:24, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Ақтөбеде үшем өмірге келді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде Фатима, Мадина, Әмина есімді үшем өмірге келді. Қазір анасы мен қыздарының денсаулығы дәрігерлер бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе перинаталды орталығында үшем өмірге келді. Темір ауданы Саркөл ауылдық округінің тұрғыны Фатима, Мадина, Әмина атты үш нәрестені өмірге әкелді.
«Үшем анасының жанында. Әмина 2200, Фатима 2020, Мадина 2000 грамм болып өмірге келді. Қазір әрқайсысы салмақ қосып жатыр. Ана мен сәбилердің жағдайы жақсы. Анасы кесір тілігі арқылы босанды. Шамамен 34-35 аптада босандырып отырмыз», - деді облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлшат Темірбаева.
Биыл облыстық перинаталды орталықта үш үшем өмірге келді. Барлығы 7 мыңға жуық ана босанса, оның 100-ден астамы егізді өмірге әкелген.
Еске салсақ, «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Ақтөбеде Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшем өмірге келді.