Ақтөбеде үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасыға уақытша баспана беріледі
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде үйі жанып кеткен көпбалалы отбасыға уақытша баспана беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше, 21 ақпанда алты баласы бар Байтөбетовтердің үйі өртеніп, отбасы баспанасыз қалған болатын. Өрт басталған кезде үйде 10, 5 және 2 жастағы балалар ғана болған. Олар киімсіз далаға жүгіріп шыққан.
«Үйде өрт қауіпсіздігі ережесі сақталмаған. Сондықтан мемлекет тарапынан үй беру қарастырылмайды. Дегенмен, отбасын алдымен уақытша баспанаға орналастырамыз. Кейін жөндеу жұмыстары демеушілердің көмегімен жүргізіледі», - деді Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әскери жұмылдыру жұмыстары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев.