Ақтөбеде уылдырық пен бекіре сатқан полиция қызметкерлері сотталды

Ақтөбе қалалық сотында Ішкі істер департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бірнеше бөлім басшысы мен қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұған дейін хабарлағанымыздай , олар - Ұйымдасқан қылмыстық қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Абай Давлетов, басқарманың бөлім бастығы Самат Нұғметжанов, жедел уәкіл Нұрлан Ақаласов, аға жедел уәкіл Дәурен Калинин. Бұрынғы полиция қызметкерлеріне Қылмыстық кодекстің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылды.
Олар бекіре сату, сатып алу ісіне араласып, қала уылдырық сатқандарды қорқытып, ақша талап еткен. Бүгін №2 қалалық сотында үкім шықты. Ұйымдасқан қылмыстық қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Абай Давлетов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал басқарманың бөлім бастығы Самат Нұғметжанов, жедел уәкіл Нұрлан Ақаласов, аға жедел уәкіл Дәурен Калининге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, олар шенінен айырылып, жеке мүлкі тәркіленді. Сот жәбірленуші Айгүл Нұрғалиеваға 200 мың теңге моральдық шығын өтеуге үкім етті.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.