Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі героинмен ұсталды

АҚТӨБЕ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері келіп түскен жедел ақпарат бойынша Киреев көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болып табылатын 33 жастағы ақтөбелікті қолға түсірді,
None
None

 деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

 Жеке тексеру барысында одан ішіне ұнтақталған заты бар 11 полиэтилен орамалары салынған сіріңке қорапшасы алынды. Сараптама көрсеткендей, бұл зат жалпы салмағы 3 грамға жуық героин  болып шықты.

 Күдікті есірткіні қайдан алғанын түсіндіруден бас тартты, бірақ оны жеке тұтыну үшін қалдырғанына сендіргісі келді.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 259 бабымен («Есірткілік заттарды сақтау») қылмыстық іс қозғалды, күдікті азамат қамауға алынды, бұған дейін оның осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум