00:08, 25 Шілде 2021 | GMT +5
Ақтөбеде вакцина салдыратындар көбейді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде вакцина салдыратындар көбейді. Күніне 2500-3000 адам екпе қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша барлық емдеу орындарындағы вакцинациялау пункттері жұмыс күндері сағат 8:00-20:00, ал сенбі және жексенбі күндері 9:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Қазір Орталық базар, ірі екі супермаркет пен сауда-ойын-сауық орталығында жылжымалы вакцинациялау пункті бар. ҚазАқпарат тілшісі қаладағы бірнеше емханаға барып, тұрғындардың пікірін тыңдады.
«№3 Ақтөбе қалалық емханасында 10 мыңға жуық адам бірінші, 6 мыңнан астам адам екі компонентті қабылдады. Орта есеппен күніне 200 адам келеді. Адамдардың сенімі бар, олар келіп, дәрігерлермен ақылдасып, вакцина салдыруға шешім қабылдайды»,- деді емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ағиба Мажекенова.
Ал қаладағы № 6 емханаға жұмысшылармен қатар жастар жиі келеді.