12:50, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Ақтөбеде VII азиялық-тынықмұхиттық астрономиялық олимпиада басталды
АҚТӨБЕ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде облыстық планетарий базасында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Ю.Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуына арналып жетінші азиялық-тынықмұхиттық астрономиялық олимпиада басталды.
Олимпиадаға Ресей, Қырғызстан, Қытай, Корея, Индонезия, Қазақстан және Ақтөбе қаласынан барлығы 7 команда қатысуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты - жаратылыстану ғылымын насихаттап, оқушылардың астрономияға деген қызығушылығын арттыру, азия-тынық мұхит елдерінің ынтымақтастығын нығайту болып табылады.
Жарыс қорытындысы 14 қараша күні белгілі болады.