Ақтөбеде VIII халықаралық туристік көрме ашылды
Облыстың туристік кластерін таныстыруды мақсат еткен көрмеге туристік фирмалар, қонақүй және мейрамхана бизнесі, көлік және сақтандыру компаниялары, демалыс базалары, туристік және спорттық жабдықтар сататын кәсіпорындар, мұражайлар, туризм мамандарын оқытатын оқу орындары, барлығы 120-дан астам мекеме қатысуда.
Көрме аясында сонымен бірге қолданбалы өнер шеберлерінің «Шеберлер ауылы» атты республикалық фестивалі өтуде. Сондай-ақ, «Сыртқы және ішкі туризмді дамыту проблемалары мен перспективалары. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистральдық жолының Ақтөбе учаскесінде жол бойы сервисін дамыту мәселелері», «Қонақүй және мейрамхана бизнесін дамыту мәселелері» деген тақырыптарға арналған «дөңгелек үстел» отырыстары өтеді.