Ақтөбеде ыдыс-аяқ жууға арналған губка шығаратын цех өртеніп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде цехтан өрт шықты. Онда ыдыс-аяқ жууға арналған губка шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр: instagram.com/aqtobe_tjd

Өрт сағат 21:11-де Ақтөбе қаласы 41-разъезд аймағындағы цехтан шықты. Онда ыдыс жууға арналған губка шығарылады.

«Өндіріс цехынан өрт шыққаны туралы ақпарат 112 қызметіне түсті. Өртті сөндіруге 47 адам және 9 техника жұмылдырылды. Оқиға орнына барған кезде өндіріс цехындағы шатырдың жанып жатқаны анықталды. Адам зардап шеккен жоқ. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар өрттің басқа да ғимараттарға таралуына жол бермеді, қауіп жоқ»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы Алға қаласында құрғақ шөп жанып, саяжай аумағына тарап кетті. Барлығы 10 үй өртенді.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалын саяжай үйлеріне тарап жатқанын анықтаған.

«Саяжай аумағында 59 үй бар. Оның 10-ы өртенді. Бұл үйлерде адам тұрмайды, тек бау-бақша дақылдары егіледі. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 26 адам және 5 техника жіберілді. Ал жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар