Ақтөбеде заңсыз мұнай өнімдерін тасымалдағандар айыппұл төледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Қандыағаш көлік прокуратурасы заңсыз мұнай тасымалдаған деректі анықтады. Әкімшілік іс қозғалып, 30 миллион теңге айыппұл салынды. Мұнай өнімі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қандыағаш көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе облысы филиалының жұмысын тексеріп, бірнеше заңсыздықты анықтады. 2015-2017 жылдары аралығында мұнай өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың 33 дерегі белгілі болды. Мәселен, Қандыағаш пайдалану локомотив депосы «ТЭК Қазақстан» ЖШС қоймасынан Әйтеке би және Никельтау стансасына 143 мың тоннадан астам дизельді отынды автокөлікпен жөнелтеді. Бірақ дизельді отын тасымалдауға қажетті құжат рәсімделмеген.

«Мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде арнайы құжаттары болуы керек. Тасымалдаушылар әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Барлығы 33 әкімшілік іс қозғалып, 30 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, мұнай өнімі тәркіленді. Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толық өтелді»,- деп хабарлады Қандыағаш көлік прокуратурасы. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум