Ақтөбеде заңсыз жолмен электрошокер затын сатқан сатушы қолға түсті

АҚТӨБЕ.9 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде электрошокер затын заңсыз жолмен сатқан адам қолға түсті,
None
None

деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қаңтар айының соңында ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне белгісіз біреу қалада ірі көлемде электрошокер затын сатпақ болып жүргендігі туралы жедел ақпарат келіп түседі.

Көп ұзамай РФ Орынбор облысының тумасы, Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында тұратын 32 жастағы адам полицияның қолына түседі. Оның «Нисан Максима» маркалы автокөлігінің жүк салғышында «KL-618» маркалы 282 электрошокер табылған, бұл заттардың тиісті құжаттары болмаған.

Сонымен қатар күдіктінің кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы да болмай шыққан.

Тергеу барысында қолға түскен ер адам қаңтар айында 480 электрошокерді Орал қаласынан өзі танымайтын адамнан бір данасын 1000 теңгеден сатып алған. 180 электрошокерді ол өзі тұратын Ақсай қаласында қалдырып, Ақтөбеге қалғандарын сатуға келген. Нақтырақ айтсақ, ол Ақтөбе қаласында тауардың жартысын бір данасын 6000 теңгеден сатып үлгерген.

Қазіргі таңда бұл факті бойынша іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар